Васенко Светлана Петровна 01 ақпан 1964 жылы  Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданында дүниеге келген. 1983 жылы Ақтөбе мемлекеттік  медицина институтына түсіп, 1989 жылы оны тәмамдады. 1989-1990 жж. Орал қаласы Облыстық ауруханадан интернатурадан өтті. Зеленов аудандық орталық ауруханасында 1990 жылы анестезиолог реаниматолог дәрігері , 1991-1999 жылдары терапевт дәрігері, 1999 жылдан бастап қазіргі уақытта дәрігер невропатолог лауазымын атқарып келеді. Медицина саласындағы ңбек өтілі: 25 жыдан астам.

Осы жұмыс істеген жылдар ішінде С.П. Васенко өз ісіне жан- тәнімен берілген, білікті, маман,  өзіне жене өзгеде медициналық қызметкерлерге талап қоя білетін адам ретінде көрсетеді. Семинарлар мен конференцияларға үнемі қатысып, өз кәсіби деңгейін көтеру үшін біліктілігін арттырып мамандандырудан өтіп тұрады.

Әріптестері мен аудандық орталық аурухана қызметкерлері арасында Васенко Светлана Петровна өте жоғары абыройлы, ұйымдастыру қабілеті зор маман, шұғыл жағдайда дұрыс шешім қабылдай алады.

 

          

Васенко Светлана Петровна