Утепбаев Аскар Карлович 29.11.1966 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында дүниеге келді. Білімі жоғары Ақтөбенің мемлекеттік медицина институтының "Емдеу ісі" мамандығын бітіріп, еңбек жолын "Жаңақала  аудандық  орталық  ауруханасында" бастады.

2008-2011 жылдар аралығында Переметный аудандық емхананың директоры қызметін атқарды. 2011-2013 жылдар аралығында ШЖК "Зеленов аудандық орталық ауруханасы" МКК  директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары  қызметін атқарды. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытта акушер-гинеколог дәрігері қызметін атқарады.

2016 жылы акушер-гинеколог мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатын қорғады. Утепбаев Аскар Карлович өз ісіне жан-тәнімен берілген, білікті маман, өзіне және өзге де медициналық қызметкерлерге талап қоя білетін адам ретінде көрсетті. Семинарлар мен конференцияларға үнемі қатысып, өз кәсіби деңгейін көтеру үшін біліктілігін арттырып мамандандырудан өтіп тұрады.

Қазақстан Республикасы Президенті, Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Әріптестер мен аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері  арасында Утепбаев Аскар Карлович өте жоғары абыройлы, белсенді, жауапкершілігі мол, ауыл тұрғындары арасында беделді.

 

Утепбаев Аскар Карлович