Колпакова Елена Владимировна  15 сәуір  1967 жылы Переметный ауылында дүниеге келді.  Өз еңбек жолын  Орал облысы  Зеленов ауданының «Пермский» совхозында  жұмысшы ретінде бастады. 1985 жылы Орал медицина училищесінің фармацевтика  бөліміне түсіп,  1987 жылы оны  аяқтайды. Сол 1987 жылы   Целиноград қаласындағы  мемлекеттік медициналық институтының  емдеу факультетіне   1 курсқа қабылданып,  1993 жылы бітіріп шығады. Орал облыстық клиникалық ауруханасы   негізінде  интернатураны өткенен кейін Зеленов аудандық орталық ауруханасына дәрігер терапевт ретінде жұмысқа жолданады.

1994 жылдан бастап дәрігер- терапевт  Е.В.Колпакова инфекционист дәрігер жұмысын қоса атқарып келеді.

2008 жылы  осы  терапевт, инфекционист мамандықтары бойынша жоғары біліктілік  санатын қорғады.

Осы жүмыс  істеген жылдар ішінде Е.В. Колпакова  өз ісіне  жан- тәнімен берілген,   білікті маман,   өзіне және өзге де   медициналық қызметкерлерге  талап қоя білетін адам ретінде көрсетті. Семинарлар мен конференцияларға  үнемі қатысып,  өз кәсіби деңгейін көтеру үшін біліктілігін арттырып мамандандырудан өтіп тұрады. Науқастарды емдеудің заман талабына сай диагностикалық әдістерін  меңгерген:   физиотерапия және лазерлық  терапия   жөнінде,   «Құрсақ  қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық диагностикасы» циклы бойынша мамандандырудан өтті.

Сонғы жылдары дәрігер Е.В.Колпакованың еңбегінің нәтіжесі арқасында  ауданда жіті жұқпалы аурудан өлімі тіркелмеді, науқастар арасында  инфаркт миакарда және өміріне қауіпті жүрек ырғағының бұзылуынан өлім көрсеткіштері төмендеді.  

Әріптестер  мен  аудандық орталық ауруханасынын қызметкерлері  арасында Елена Владимирована Колпакова өте жоғары абыройлы,  ұйымдастыру қабілеті зор маман, шұғыл жағдайда  дұрыс  шешім қабылдай алады.

Е.В.Колпакоава аудан тұрғындары  арасында  үлкен кұрметке  ие, аудан баспасөз бетінде сауыққан  науқастар   дәрігерге деген  ризашылықтарын талай  білдірген болатын.

Е.В.Колпакова Қазақстан дәрігерлерінің  1 съезіне делегат болып қатысты,  Қазақстан Республикасының 10 жылдығына орай  мерекелік медалімен марапатталды,   медицина қызметкерлері күніне орай   Батыс  Қазақстан облысы әкімінің  Құрмет грамотасымен  марапатталды,   бірнеше рет аудан әкімінің және БҚО денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен бірнеше рет  марапатталды.

 

Колпакова Елена Владимировна