МЕДИЦИНАДАҒЫ ЖАРТЫ ҒАСЫР!" Ақ халатты абзал жанға құрмет көрсетілді Зеленов ауданындағы «Достық үйінде» медицина саласында ұзақ жыл қызмет атқарған ақ халатты абзал жан Хапиз Қисымұлының құрметіне арналған кеш өтті.


Аталмыш кеште аудан әкімінің орынбасары Ринат Шауенов аудан әкімінің құттықтауын жеткізсе, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманова облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының алғысхатын табыс етті.

 
Шара аудан көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Айта кету керек, Хапиз Қисымұлы аталмыш салада 50 жыл абыройлы қызмет атқарып келеді.