Рухани Жаңғыру

МЕДИЦИНАДАҒЫ ЖАРТЫ ҒАСЫР!" Ақ халатты абзал жанға құрмет көрсетілді Зеленов ауданындағы «Достық үйінде» медицина саласында ұзақ жыл қызмет атқарған ақ халатты абзал жан Хапиз Қисымұлының құрметіне арналған кеш өтті.

Кужумов Хапиз Кисымович 26 маусым 1942 жылы Саратов қаласында  дүниеге келген. 1962 жылы Саратов медициналық институтына түсіп, 1968 жылы оны тәмамдады. 1968 жылдан бастап Зеленов аудандық орталық ауруханасында Педиатр дәрігері қызметін атқарады. 1 санатты педиатр дәрігері. Еңбек өтілі: 49 жыл.

Минжасарова Болган Аубакировна 1959 жылы 17 қазанда  Сырым ауданның Қызылағаш ауылында дүниеге келген. 1978 жылы  Ақтөбенің  мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі факультетіне қабылданып, 1984 жылы бітіріп шығады. 1984-1985 жж. Орал қаласы балалар ауруханасынан интернатурадан өтті. 1986 жылдан бастап Қалалық балалар емханасында  дәрігер педиатр ретінде жұмысқа жолданады.

Колпакова Елена Владимировна  15 сәуір  1967 жылы Переметный ауылында дүниеге келді.  Өз еңбек жолын  Орал облысы  Зеленов ауданының «Пермский» совхозында  жұмысшы ретінде бастады. 1985 жылы Орал медицина училищесінің фармацевтика  бөліміне түсіп,  1987 жылы оны  аяқтайды. Сол 1987 жылы   Целиноград қаласындағы  мемлекеттік медициналық институтының  емдеу факультетіне   1 курсқа қабылданып,  1993 жылы бітіріп шығады. Орал облыстық клиникалық ауруханасы   негізінде  интернатураны өткенен кейін Зеленов аудандық орталық ауруханасына дәрігер терапевт ретінде жұмысқа жолданады.

Утепбаев Аскар Карлович 29.11.1966 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында дүниеге келді. Білімі жоғары Ақтөбенің мемлекеттік медицина институтының "Емдеу ісі" мамандығын бітіріп, еңбек жолын "Жаңақала  аудандық  орталық  ауруханасында" бастады.

Васенко Светлана Петровна 01 ақпан 1964 жылы  Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданында дүниеге келген. 1983 жылы Ақтөбе мемлекеттік  медицина институтына түсіп, 1989 жылы оны тәмамдады. 1989-1990 жж. Орал қаласы Облыстық ауруханадан интернатурадан өтті. Зеленов аудандық орталық ауруханасында 1990 жылы анестезиолог реаниматолог дәрігері , 1991-1999 жылдары терапевт дәрігері, 1999 жылдан бастап қазіргі уақытта дәрігер невропатолог лауазымын атқарып келеді. Медицина саласындағы ңбек өтілі: 25 жыдан астам.