Пациенттерді қолдау, ішкі бақылау қызметі

«Зеленов аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-да пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі жұмыс жасайды. Медициналық көмек көрсету сапасына қатысты барлық сұрақтар бойынша мына сенім телефондарына хабарласа аласыз:

 

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. Осы Ереже:

1.1.  ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 58-бабына;

1.2.  «Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы №1577 Қаулысына;

1.3.  ДжӘДМ 27.02.2015ж. №115 бұйрығымен бекітілген «Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша» Жол картасына;

1.4.  Ұйымдастыру құрылымын, міндеттерді, функционалдық қызметтерді, құқық пен жауапкершіліктерді бекіту мақсатында 27.04.2015ж. №121 ішкі бұйрыққа;

1.5. «Медициналық ұйымдарда ішкі бақылау қызметі (аудит) жұмысын ұйымдастыру қызметі бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы №923 бұйрығына сәйкес дайындалды.