БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Зеленов орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізуге құқылы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 23.01.2012ж. № 109-1926-07ГП куәлік.
«Зеленов орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК Калинин ауылы, Куйбышев көшесі, 4б мекенжайында орналасқан. 
Халыққа амбулаториялық-емханалық, стационарлық, сауықтыру және жедел жәрдем көрсету, мейірбикелік күтім жасау. 
6 дәрігерлік амбулатория, 2 ФАП және 13 медициналық пункт қызмет етеді. 
Қызмет көрсететін халық саны – 20 383. Ересектер – 14921. Балалар – 5462.
Емхананың құрылымына отбасы денсаулығы орталығы, алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі, консультациялық-диагностикалық бөлімшесі, күндізгі стационар, стационарды алмастыратын көмек жатады.

Отбасы денсаулығы орталығы емханаға тіркелген тұрғындарға амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетеді.

Алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес алғашқы медициналық санитарлық көмек шеңберінде алдын алу, әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсетеді. 
Зеленов орталық аудандық ауруханасында 28 дәрігер, 141 орта медициналық қызметкер қызмет етеді.

Директоры Ахметова Надия Абриковна – әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру бойынша жоғары санатты дәрігер, жоғары санатты терапевт дәрігер, тәуелсіз медициналық сарапшы, Астана қаласы тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығының мүшесі, жалпы жұмыс өтілі – 25 жыл, ұйымдастырушылық өтілі – 15 жыл.

 
БІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ

Біздің міндетіміз – Аудан тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттауды және медициналық көмек көрсетуді жетілдіру арқылы халық денсаулығын күшейту.

Біздің құндылықтарымыз – Аурухананың басты құндылығы болып ПАЦИЕНТ, оның денсаулығы, оның таңдау құқығы мен еркін құрметтеу болып табылады.

Біздің ұстанымымыз

Құрмет. Пациенттердің проблемаларын шешу үшін жан-тәнімен түсіністік таныта отырып, ең үздік қамқорлық пен күтімді қамтамасыз ету.

Қол жетімділік. Қол жетімді қызмет көрсету арқылы әділ де ашық қарым-қатынаста болу.Тез арада және кезексіз тексеруден өту мүмкіндігі. Пациенттердің ауру түрлерінің сипаттамасы, диагностикасы және емделу жолдары туралы ақпараттарға қол жетімділігін қамтамасыз ету, пациенттерге олардың денсаулығына қатысты қабылданған шешімдерден хабардар болуына ұмтылуына ықпал ету.

Инновациялар. Ауруханамыз деңгейінде заманауи технологиялар мен медициналық жабдықтарды енгізу жұмыстарын көтермелеу арқылы инновацияларға ұмтылу. Емдеу жұмыстарының кепілдендірілген сапасын қамтамасыз ету үшін ғылым мен техниканың озық жетістіктерін, тиімді емдеу әдістемелерін пайдалану.

Тұтастық. Пациенттеріміздің жоғары сенімінен шығатындай кәсіби шеберлік пен этиканың, жеке жауапкершіліктің ең жоғары стандарттарын ұстану.

Командада жұмыс жасау. Біз әрбір қызметкеріміздің аурухананың дамуын жақсартуға мүдделі екеніне, өзінің жеке табысын біздің жалпы ісіміздің табысымен байланыстыратынына сенімдіміз. Біз жеке және ұжымдық шығармашылықты ынталандыратын және қызметкерлер мен басшылық арасында өзара сенім мен құрметтің қалыптасуына мүмкіндік беретін корпоративтік мәдениет пен этиканы дамытудамыз. Команданың әрбір мүшесіне мақсатты бағыт беру арқылы жоғары жетістіктерге, сапалы қызмет көрсетуге ұмтылудамыз.

Тәлімгерлік. Жас мамандардың қажетті кәсіби дағдыны, жұмыс тәжірибесін меңгеруі, сондай-ақ олардың өздеріне талап қоя білуге және еңбек нәтижелілігіне мүдделі болуға тәрбиеленуі.

Құпиялылық. Дәрігерге айтылған жеке құпия дәрігерлердің кәсіби құпиясы болып табылады. Дәрігер құпиясын қатаң сақтау біздің пациенттерімізбен, ауруханамыздың барлық құрамымен кепілдендірілген.